- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ақша жымқыру
Ақмола облысында бюджет қаржысы қолды болған

Фото: depositphotos.com
Ақмола облысы Жақсы ауданында бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Аудан прокуратурасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, білім бөлімінен 22 млн теңге бюджет қаражаты жымқырылғанын анықтады. Бұл ақша қызметкерлер үшін сыйақы деген желеумен қолды болған.
"Аудан прокуратурасы аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады", - деп жазылған хабарламада.
Тергеу облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне тапсырылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова