• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Ақтауда куәгерлер қыз зорламақ болған ер адамды ұстап алған

Ақтауда куәгерлер қыз зорламақ болған ер адамды ұстап алған
Фото: Видео кадры

Әлеуметтік желілерде соққыға жығылған ер адамның видеосы тарады. Желіде ол қылмыскер болуы мүмкін екені айтылды. Желі қолданушыларының сөзінше, ол Ақтау жағалауында қызға тиіспек болған, бірақ сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар оны тоқтатқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға қараңғы кезде болған. Көмекке шақырған дауысты естіген куәгерлер қызға араша түскен көрінеді. Ер адамдар күдіктіні тоқтатып, оны полицияға тапсырған.

Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп үлгерген. Кадрлардан полиция келгенге дейін күдікті соққыға жығылғанын көруге болады.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті оқиға 11 наурызда болғанын мәлімдеді.

"Зорлауға оқталу дерегі бойынша шұғыл түрде қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады және оны уақытша ұстау изоляторына қамады. Тергеу аяқталып, айыптау қорытындысымен прокуратура арқылы сотқа жолданды", – деді ведомство өкілі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget