• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Алматы нөсер жауынға дайындалып жатыр

Алматы нөсер жауынға дайындалып жатыр
Фото: depositphotos.com

Алматының коммуналдық қызметі нөсер жаңбырға байланысты күшейтілген жұмыс режиміне көшті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше, Алматыда 20 маусым сағат 15:00-ден бастап 21 маусым сағат 02:00-ге дейін жаңбыр жауады, кей жерлерде 20 мм-ге дейін қатты жауын-шашын жауып, найзағай ойнап, бұршақ та жаууы мүмкін. Метеорологтар бірнеше сағат ішінде маусымдағы норманың үштен бірі жаууы мүмкін екенін болжап отыр. Күндіз ауа температурасы +28…+30 °С болады.

21 маусымға қараған түні өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жауын-шашын жаумайды. Ауа температурасы түнде +17…+19 °С, күндіз +31…+33 °С болады.

22 маусымда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Түнде ауа температурасы +20…+22 °С, күндіз +28…+30 °С болады.

"Су басу қаупінің алдын алу мақсатында 52 мобильді жедел бригада кезекшілікке қойылды. Олар мотопомпа және құрал-жабдықпен жабдықталған. Күндіз 426 арнайы техника, 26 мотопомпа және 895 жұмысшы жұмылдырылды", - деп жазылған хабарламада.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан:

  • Ауа райының қолайсыздығына байланысты тауға бармау
  • Ағаштар құлап, электр желілері үзілуі мүмкін екеніне байланысты көлікті жол жиегіне қоймау сұралды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget