• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасалды

Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасалды
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Қазгидромет Астана және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"31 наурызда Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Риддер, Семей, Алматы, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. 

Еске салайық, бұған дейін Қазгидромет 29, 30, 31 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget