• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Бүгін Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі

Бүгін Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Бүгін Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл күн "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы" Конституциялық заңда мемлекеттік мереке ретінде ресми түрде бекітілген. 4 маусым Қазақстанда 2007 жылдан бері тойланып келеді.

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Оларға Ту, Елтаңба және Әнұран жатады.

"Мемлекеттік рәміздер - кез келген мемлекеттің бірегейлігі мен егемендігін білдіретін ажырамас атрибуттарының бірі", - деп жазылған Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, Мемлекеттік рәміздер күнінде Астанада, Алматыда және Қазақстанның басқа да өңірлерінде салтанатты іс-шаралар өтеді. Іс-шара мемлекеттік Туды көтеруден және Әнұранды орындаудан басталады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget