• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Халықты сүліктей сорып отырған банктердің үстемдігінен құтылу жолы қандай? Саиров жауап берді

Халықты сүліктей сорып отырған банктердің үстемдігінен құтылу жолы қандай? Саиров жауап берді
Фото: Massaget.kz

Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров Massaget TV YouTube арнасына берген эксклюзив сұхбатында банк саласындағы монополиядан құтылу үшін Үкімет пен Парламент қандай батыл қадамдар жасауы керек екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Депутаттың сөзінше, бұл банктердің барлығы бұрынғы президент Назарбаевтың айналасындағы азаматтарға тиесілі.

"30 жыл ішінде бұл банктер конкуренция жасамауы үшін шетелден банктерді кіргізбеген. Содан кейін Қазақстанның ішінде процентін биіктетіп, халықты сүліктей сорып отырған", - деді ол.

Ерлан Саиров банк саласындағы негізгі үш проблеманы атады.

"Бірінші - процент жоғары болуы. Екінші - капиталдың жеке адамдардың қолында шоғырлануы. Үшіншісі - банк саласында бәсекелестік жоқтығы, мұнай саласындағы сияқты бүкіл пайда олигархтардың қалтасына кетіп жатуы", - дейді Саиров.

Депутаттың пайымдауынша, бұл мәселелерді шешу жолы мынадай:

  • "Бірінші, Қазақстанға халықаралық дәрежедегі банктерді енгізу керек. Егер олар келіп, Қазақстанда белгілі бір бәсекелестік болса, процент азаяды.
  • Екінші, Қазақстанның банктері өндірісті мүлдем қаржыландырмайды. Олар халыққа тұрмыстық кредит беріп, содан тек пайда тауып отыр. Банк саласын өндірісті қаржыландыруға бұру керек. Бұл үшін де Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен, нақты шешімдері қажет.
  • Үшінші үлкен мәселе: осы банктердің иелері өздерінің дивидендінен салық төлемейді. Осы жақын арада Банк туралы заң жобасы бізге келеді. Міне сол жоба аясында мен айтқан осы мәселелерді шешудің амалдарын жасаймыз".

Қазіргі биліктің менеджерлік қабілеті ел экономикасын "голландиялық дерттен" шығара ала ма? Отыз жыл бойы қалыптасқан олигархтық экономика моделінен құтылу жолдары қандай?

Осы және өзге де сұрақтарға депутат Massaget TV YouTube арнасына берген сұхбатында жауап берді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget