Алматыда 13 адамның өмірін қиған хостелдегі өртке қатысты сот процесі аяқталуға жақын. Судья үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетті. Бүгін соттағы соңғы сөзінде қос айыпталушы бас бостандығынан айырмауды сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ktk.kz-ке сілтеме жасап.
Қылмыстық іс бойынша хостелдің директоры Әділбек Мұхамедияров пен ғимаратқа өрт қауіпсіздігі жүйесін орнатқан Александр Пекельник жауап беріп жатыр. Прокурор олардың бірін 4 жылға, екіншісін 5 жылға соттауды сұрады.
Ғимаратты жалға алған Мұхамедияров иелері онда өрт қауіпсіздігі сақталған деп сендірді деп отыр. Ол соттағы соңғы сөзінде бес баласы мен қарт ата-анасы бар екенін айтты.
Марқұмдардың жақындарына "қаржылай көмектестім" деген ол, өзін түрмеге қамамауды сұрады.
Екінші айыпталушы да хостелдегі өртке "еш қатысым жоқ" деп отыр.
Бұл қайғылы оқиға 2023 жылғы қарашасында болған. Қала орталығындағы хостелден өрт шығып, содан 13 адам мерт болған еді. Оның төртеуі - шетел азаматы.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек