- Негізгі бет
- LifeStyle
- білім саласы
Қазақ қызы IELTS емтиханынан ең жоғары балл алды

Фото: instagram.com/saya.kidirali
17 жастағы Сая Қыдырәлі ағылшын тілі бойынша халықаралық IELTS емтиханынан ең жоғары 9.0 ұпай жинап, әлемдік рекорд жаңартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық Сая Қыдырәлі инстаграм-парақшасында қуанышты жаңалығын және алғашқы эмоциясын бөлісті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сая Қыдырәлі - Қазақстаннан IELTS емтиханынан максималды 9.0 деген баға алған жалғыз адам және әлемдегі ең жас IELTS-сарапшы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сая Қыдырәлі 6 жасынан бастап ағылшын тілін үйренген, ал 9 жасында сабақ бере бастаған. Ол 16 жасында IELTS емтиханынан 8.5/9.0 деген баға алып, IDP IELTS және Британ кеңесінің ресми серіктесі атанды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова