• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Наурыз көжеге арналған ингредиенттер қанша тұрады?

Наурыз көжеге арналған ингредиенттер қанша тұрады?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Наурыз мейрамының басты символы - наурыз көже. Ол - жаңару мен көктемнің оянуын бейнелейтін дәстүрлі мерекелік тағам. Биыл наурыз көженің құрамы қанша теңге тұратыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл деректерді Ұлттық статистика бюросы жариялады. Онда тағамға қосылатын негізгі өнімдердің бағасы көрсетілген.

  • 1 литр айранның орташа бағасы - (2,5%) 446 теңге.
  • Бұл тағамда қолданылатын тағы бір маңызды өнім – сүт (2,5%), оның бағасы литріне орташа есеппен 413 теңгеге тең.
  • Арпа жармасының бір келісі - орташа есеппен 399 теңге, еліміз бойынша оның ең төменгі бағасы Көкшетау (283 теңге) қаласында тіркелген.
  • Күрішке келетін болсақ, оның орташа бағасы - келісіне 639 теңге, ең арзан баға Шымкентте тіркелген: 535 теңге.
  • Тағы бір маңызды ингредиенттің бірі – жылқы еті, оның бір келісі - шамамен 3098 теңге.
  • Қазақстан бойынша тұздың орташа бағасы - 76 теңге/келісіне.
  • Сондай-ақ, тағамға құрт қосылады, аймаққа қарай тағы маш, өрік немесе кеспе қосылуы мүмкін.

gov.kz

Еске салайық, бұған дейін тарихшы наурыз мейрамының мән-мағынасын түсіндірді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова