• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Оқушыларға мамандық таңдауға көмектесетін педагог лауазымы енгізілді

Оқушыларға мамандық таңдауға көмектесетін педагог лауазымы енгізілді
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда алғаш рет педагог-профориентатор лауазымы ресми түрде енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еліміздің орта білім беру ұйымдарында педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымы ресми түрде бекітілді. Бұл бастама оқушыларға мамандық таңдауда ерте бағыт-бағдар беруге, сондай-ақ, оқушылар, ата-аналар, педагогтер, колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланыс пен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Педагог-кәсіптік бағдар берушінің негізгі міндеттері:

  • Оқушыларға мамандық пен білім бағытын таңдауда қолдау көрсету;
  • Жеке және топтық кәсіби кеңес беру;
  • Кәсіптік бағдар беруге арналған іс-шараларды ұйымдастыру;
  • Жұмыспен қамту орталықтарымен, колледждермен және кәсіпорындармен байланыс орнату;
  • Оқушыларға еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен заманауи үрдістер туралы ақпарат беру.

"Жаңа лауазым енгізілуі оқушылардың сана­лы әрі дұрыс кәсіптік таңдау жасауына көмектеседі, жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, еңбекке бейім, білікті және бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге ықпал етеді", - деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget