- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- шетел жаңалықтары
Ресей мен Украина 150 әскери тұтқынмен алмасты

Ресей мен Украина Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) делдалдығымен сәрсенбі күні 150-де 150 формуласы бойынша тұтқындармен алмасты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.
Украина президенті Владимир Зеленский өзінің Telegram-арнасында Киевтің 150 әскери қызметкерін қайтарғанын жазды.
"Бүгін бәріміз үшін жақсы күн. Біз Ресей тұтқынынан 150 қорғаушымызды қайтарамыз. Бұл сарбаздар, сержанттар, офицерлер. Мариуполь мен Запорожье облысында тұтқынға алынған әскери-теңіз күштерінің, әуе күштерінің, әскери десанттық-шабуылдау және Құрлық әскерлерінің, Ұлттық гвардияшылардың, шекарашылардың, теробороновтардың жауынгерлері және полицейлер", - деп атап өтті ол.
Зеленскийдің айтуынша, олардың кейбіреулері екі жылдан астам тұтқында болған.
"Біз бәрін қайтару үшін жұмыс істеп жатырмыз", - деді ол.
Өз кезегінде Ресейдің Қорғаныс министрлігі де Украинамен ең ауқымды тұтқындармен алмасудың басталғанын растады. Қазіргі уақытта Ресей әскери қызметшілері Беларусь аумағында деп хабарлады министрлік.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жапатова