• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Шетелден қаржыландырылатын қазақстандықтардың тізімі жарияланды

Шетелден қаржыландырылатын қазақстандықтардың тізімі жарияланды
Фото: depositphotos.com

Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылдың екінші жарты жылдығында шетелден қаржыландырылған тұлғалардың кезекті тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Комитет мәліметінше, 2023-2024 жылдары мәліметтерді ұсынған адамдар саны - 295, оның ішінде тұрақты түрде 118 тұлға, мерзімді 96, бір реттік 81 тұлға бар.

  • 2023 жылы шетелдік көздерден ақша және (немесе) мүлік алу туралы мәліметтерді 28,7 млрд. теңге сомасына 267 тұлға ұсынған.
  • 2024 жылы шетелдік көздерден ақша және (немесе) мүлік алу туралы мәліметтерді 27,2 млрд. теңге сомасына 218 тұлға ұсынған.

"Бұл шара азаматтардың мемлекетке де, үкіметтік емес ұйымдарға да сенімін арттыруға бағытталған. Өз қызметі және шетелдік көздерден алынған ақша туралы есептерді ұсыну жөніндегі талап әлемдік тәжірибеге сай келеді", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, шетелдік көздерден ақша немесе өзге де мүлік алған тұлғалардың тізімі Қазақстанда 2022 жылдан бастап жарияланады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова