Қазгидромет Алматы және тағы бір қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"19 наурызда Жезқазған, Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", - деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.
Еске салайық, бұған дейін Қазгидромет 18, 19, 20 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Республиканың көп бөлігінде күн шуақты болады. Елдің тек батыс, солтүстік-батыс, солтүстік аудандарына циклон әсер етеді, сондықтан жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова