• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Словения президенті Димаш Құдайбергеннің жанкүйері болып шықты

Словения президенті Димаш Құдайбергеннің жанкүйері болып шықты
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Словения президенті Наташа Пирц-Мусар Димаш Құдайбергеннің жанкүйері болып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астанаға сапары кезінде Наташа Пирц-Мусар Қасым-Жомарт Тоқаевқа Димаш Құдайбергеннің жанкүйері екенін айтқан. Бұл туралы журналист Әділ Балтабаев жазды.

Ақорда

"Мемлекет басшысы елге келген қонақты қуантты. Словения президенті қатты қуанғаны сонша -  өз-өзіне сенбей бірнеше рет қайта сұрады.

Қабылдау кезінде ол Димашпен қол алысып, концертінде болғанын айтты. Димаш бұл туралы хабардар екенін айтып, мұндай көңіліне алғысын жеткізді", - деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін 31 наурыз - 1 сәуір күндері Словения президенті Наташа Пирц-Мусар Қазақстанға ресми сапармен келетіні хабарланды. 

Ертең екі ел арасындағы іскерлік байланысты дамытуға айрықша назар аударылып, Қазақстан-Словения бизнес-форумы өтеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget