• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Солтүстік Қазақстанда ішінде адамдары бар гидроцикл аударылып қалған

Солтүстік Қазақстанда ішінде адамдары бар гидроцикл аударылып қалған
Фото: depositphotos.com

Солтүстік Қазақстан облысында ТЖМ қызметкерлері судағы екі адамға көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Есіл ауданы Үлкен Тараңғұл көлін патрульдеу кезінде ТЖМ қызметкерлері аударылған гидроциклді және суда тұрған екі адамды байқап қалған.

"Қызметкерлер гидроциклді бастапқы қалпына келтіріп, адамдарды жағаға аман-есен жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ", - деп жазылған хабарламада.

ТЖМ өкілдері құтқару жилеті өмірді сақтайтын құрал екенін еске салды.

"Өзіңізді қорғаңыз, қауіпсіздік шараларын ұмытпаңыз!" - деді құтқарушылар.

Еске салайық, бұған дейін Сайран көлінде екі адам суға батып кеткені хабарланды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget