• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Таиландта қазақстандық туристер мінген катер жарылды: мән-жай белгілі болды

Таиландта қазақстандық туристер мінген катер жарылды: мән-жай белгілі болды
Фото: facebook.com/phuketinfocenter

Пхукет провинциясының Майтон аралы маңында Қазақстан мен Ресейдің туристері мінген катер жарылды. "Туристік қамқор" корпоративтік қоры өкілі мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қор мәліметінше, апат болған катер серуендеуге арналған. Туристер Пхукеттен Майтон аралына шыққан.

"Олар мөлдір таза суда шомылуға шыққан. Түскі асқа дайындық жүріп жатқанда, барлығы жүзіп жүрген, сол кезде жарылыс болды. Сондықтан зардап шеккендер жоқ", - деді қор өкілі.

Сондай-ақ, қор өкілдері бортта Қазақстанның екі азаматы болғанын мәлімдеді. Екі турист те зардап шеккен жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Таиландта қазақстандық туристер мінген катер жарылғаны хабарланды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget