• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Тоқаев Мирзиёевтің шақыруымен Өзбекстанға барады

Тоқаев Мирзиёевтің шақыруымен Өзбекстанға барады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен 3-4 сәуір күндері Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Самарқандта Қазақстан Президенті "Орталық Азия – Еуропа Одағы" саммитінің отырысына қатысып, бірқатар кездесу өткізеді.

Айта кетейік, 29 наурызда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға жұмыс сапарымен келді.

Мемлекеттер басшылары бейресми кездесу өткізіп, қаладағы бірқатар нысанды аралады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget