- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақорда
Тоқаев ведомстволарды сынап, қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді. Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай егжей-тегжейін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жиын барысында барлық салалық ведомствоның атына сын-ескертпелер айтылып, егжей-тегжейлі талқылау өткен.
"Мемлекет басшысы экстремизм мен терроризмге қарсы күресті және ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған үйлесімді жұмысты күшейту қажет екеніне назар аударды", - деді Руслан Желдібай.
Қасым-Жомарт Тоқаев "Заң және тәртіп" қағидаты негізінде жұмысты ұйымдастырудың аса маңыздылығын атап өтіп, бұл салалардағы жағдайға талдау жасаған.
"Президент азық-түлік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, ел азаматтарын алаңдататын мәселелерді шешу үшін цифрлық құралдар мен жасанды интеллектіні дамытудың өзектілігіне тоқталды.
Мемлекет басшысы барша қоғамның мүддесі үшін Үкіметке Әділетті Қазақстанды құру бағдарламасын іске асыруға күш салуды тапсырды", - деді Желдібай.
Айта кетейік, бүгін, 18 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Жиында Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру үшін қабылданған Ұлттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарына сай былтырғы атқарылған жұмыстардың нәтижелері қарастырылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова