• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

“Қайрат“ екі ойын нәтижесі бойынша-ақ “Төрттік финалына“ шықты

“Қайрат“ екі ойын нәтижесі бойынша-ақ “Төрттік финалына“ шықты
Фото: afckairat

Алматының "Қайрат" футзал клубы Чемпиондар лигасында "Төрттік финалға" жолдама алды, - деп хабарлайды msports.kz сайты.

Бірінші ойында Францияның "Этуаль" командасын 4:2 есебімен ұтты. Түнде Хорватияның "Олмиссум" клубынан 1:0 есебімен басым болды. Нәтижесінде екі матч қорытындысы бойынша-ақ бірінші орынға табан тіреді.

Топтағы үшінші ойынды Хорватияның "Динамосына" қарсы өткізеді. Бұл ойын нәтижесіне қарамастан-ақ топта бірінші орыннан төмендемейді.

Элиталық кезеңнің өзге үш тобында бірінші орын алған клубтар "Төрттік финалына" жолдама алып, қазақстандық командаға қарсылас атанады.

"Қайрат" 2012/13 және 2014/15 жылдары Чемпиондар лигасында жеңімпаз болды.

О. Сансызбай
Logotype Massaget