• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Қазақстандық боксшы IBF рейтингінде бесінші орынға көтерілді

Қазақстандық боксшы IBF рейтингінде бесінші орынға көтерілді
Фото: ©instagram.com/sultanzaurbek

Қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек (19-0, 13 КО) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBF) жаңарған рейтингінде екі саты жоғарылады, - деп хабарлайды massaget.kz сайты.

Жартылай жеңіл салмақтағы тізімде отандасымыз бесінші орынға шықты. 2024 жылы үш жекпе-жек өткізген болатын.

Сұлтан Зауырбек 2018 жылдан бері кәсіпқой бокста бақ сынап келеді. Әуесқой бокстан Азия чемпионы (2014) және әлем чемпионатының (2014) күміс жүлдегері.

О. Сансызбай
Logotype Massaget