Енді кітап сату салықтан босатылады. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, бұл – маңызды әрі дер кезінде қабылданған шешім, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі.
Бұл не береді?
- Қазақ тілінде еңбек етіп жүрген авторлар мен баспагерлерге қолдау;
- Сапалы, мазмұнды, қызықты әдебиетті шығаруға серпін;
- Ең бастысы – кітап оқитын ұрпақты қалыптастыруға бағытталған нақты қадам.
Анимация, балалар үйірмелері, театрлар мен мәдени мекемелер де әділетті салық саясатынан шет қалмауы тиіс, - дейді депутат.