
Астанада құрылысы жүріп жатқан LRT-ға байланысты бірнеше көшеде жол қозғалысының схемасы уақытша өзгереді.
Қалалық полиция департаментімен келісілген жоспар бойынша келесі бағыттарда жолдар уақытша жабылады немесе тарылтылады:
00:00 – 06:00 Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысы
Себебі: эстакада парапеттерін бетондау жұмыстары жүргізіледі
06:00 – 24:00 Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысы
Себебі: парапет қалыптарын бөлшектеу жұмыстары жүргізіледі
Сығанақ көшесі (Мәңгілік Ел – Түркістан бағыты)
Жол шектеуі: екі бағытта сол жақ жолақтар тартылады
Себебі: 113-станция фасадының құрылысы жүргізіледі
Қабанбай батыр даңғылы (“Астана Жұлдызы” стелласынан – Хусейн бен Талалға дейін)
Жол шектеуі: екі жолақ тартылады
Себебі: 105-станция фасадының құрылысы жүргізіледі
Қабанбай батыр даңғылы (“Астана Жұлдызы” – Хусейн бен Талал)
Жол шектеуі: екі жолақ
Себебі: 106-станция фасадының құрылысы жүргізіледі
Қабанбай батыр даңғылы (Т. Рысқұлов – Н. Балғымбаев бағытында)
Жол шектеуі: екі жолақ
Себебі: 107-станция фасадының құрылысы жүргізіледі
Қабанбай батыр даңғылы (Ұлы Дала – Бұқар Жырау бағыты)
Жол шектеуі: екі жолақ
Себебі: 108-станция фасадының құрылысы жүргізіледі
Қабанбай батыр даңғылы (Бұқар Жырау – Орынбор бағыты)
Жол шектеуі: екі жолақ
Себебі: 109-станция фасадының құрылысы жүргізіледі
“Қала қонақтары мен тұрғындарынан қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз”, – делінген әкімдік хабарламасында.
Астана LRT жүйесі 2025 жылдың соңына қарай пилоттық режимде іске қосылады деп жоспарлануда. Жобаның толықтай алғашқы кезеңі 2031–2035 жылдар аралығында іске асады.