Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Наурызда астан уланып қалмаңыз! ДСМ ескерту жасады

Редактор Penalty.kz
22.03.2025, 11:33

Мереке кезінде тез бұзылатын және термиялық өңдеуден өтпеген өнімдер аса қауіпті екен. 

sxodim.com
sxodim.com

Наурыз мерекесінде дастархан басында уланудың алдын алу үшін не істеу керек? Денсаулық сақтау министрлігі халыққа маңызды кеңестер ұсынды. Бұл туралы Massaget.kz хабарлады. 

Наурыз көже, сүт пен салат: Қауіп қайдан келуі мүмкін?

Наурыз мерекесі кезінде дастархан молынан жайылады: наурыз көже, ет тағамдары, салаттар мен сүтті сусындар міндетті түрде ұсынылады. Алайда тез бұзылатын және термиялық өңдеуден өтпеген өнімдерден ас улануы мен инфекциялық аурулар туындауы мүмкін.

Уланудан сақтайтын қарапайым 6 кеңес:

  • Қоғамдық тамақтану орындарын мұқият таңдаңыз. Тек сенімді жерлерге барыңыз.
  • Термиялық өңдеуді қажет етпейтін тағамдардан бас тартыңыз. Әсіресе теңіз өнімдеріне тапсырыс бермеңіз.
  • Дастарханнан қалған тағамдарды үйге алып кетіп, өзгелерге ұсынбаңыз.
  • Өнім сатып алғанда міндетті түрде жарамдылық мерзіміне және сапа сертификатына назар аударыңыз.
  • Сақтау мен тасымалдау талаптарын сақтаңыз.
  • Көшедегі рұқсатсыз сауда орындарынан тағам сатып алмаңыз.
Наурыз тойы Фото: kostanaytany.kz

Бұдан бөлек ДСМ мамандары іс-шара ұйымдастырушыларға да маңызды кеңестер берді:

  1. Санитарлық рұқсат қағазын алу;
  2. Медициналық тексеруден өтпеген қызметкерлерді жұмысқа жолатпау;
  3. Азық-түлікті сақтаудың санитарлық талаптарын сақтау;
  4. Ғимарат аумағы тар болса, ұсынылатын тағам түрлерін қысқарту.

Айта кетейік, биыл қазақстандықтар Наурыз мерекесінде 5 күн демалады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір