Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Төрехан Сабырхан Шымкентте қалатынын мәлімдеді

Редактор Penalty.kz
09.06.2025, 03:17

Төрт дүркін Азия чемпионы, жас талант Төрехан Сабырхан ішкі біріншілікте Шымкент атынан сынға түсуді жалғастыратынын мәлімдеді.

instagram/@sabyrkhantorekhan
instagram/@sabyrkhantorekhan

Өңірлік ауысым болмайды

Төрехан Сабырхан өзінің Instagram парақшасында мәлімдеме жасап, жанкүйерлер арасында туындаған сұрақтарға нақты жауап берді:

“Ассалаумағалейкүм, қазақ елі! Мен Шымкенттің намысын қорғауды жалғастырамын! Бұған дейін Атырауға ауысамын деп хабарлағам. Мені ол жаққа нағашым Бауыржан Кәрімов шақырды. Ол жақында Шымкент қалалық бокс федерациясының вице-президенті болып тағайындалды. Біз кездесіп, сөйлестік. Нәтижесінде мен Шымкентте қалу туралы шешім қабылдадым. Ішкі чемпионаттарда тек бір ғана өңірдің намысын қорғаймын. Ал халықаралық жарыстарда — Қазақстанның көк туын желбіретемін. Қолдауларыңызға рахмет! Мен ел намысын лайықты қорғау үшін барымды саламын.”

Қоғамның реакциясы

Сабырханның бұл шешімі спортсүйер қауым тарапынан жылы қабылданып, желіде қолдау тапты. Жанкүйерлер:

  • “Нағыз патриот!”
  • “Өз тамырыңды ұмытпау – ер азаматқа тән шешім”
  • “Сенен әлі үлкен жеңістер күтеміз!” — деген пікірлер қалдыруда.

Сабырхан – Қазақстан тарихындағы рекорд иесі

Төрехан Сабырхан – Азияның төрт дүркін чемпионы. Ол бұл жетістіктерге жасөспірімдер мен жастар арасында жеткен алғашқы қазақстандық боксшы ретінде ел тарихына енді.

Биыл сәуірде кәсіпқой бокста дебют жасап, жаңа деңгейге қадам басты. Осы арқылы тек әуесқой емес, кәсіпқой рингте де табысқа жетуге бел буып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 4
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір