Израиль мен Иран атысты толық тоқтату туралы келісімге келді

24.06.2025
08:50
0
548
Дональд Трамп екі ел арасындағы соғыстың тоқтағанын мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамп Иран мен Израильдің толық атысты тоқтату туралы келісімге келгенін мәлімдеді
Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
«Құттықтаймын! Израиль мен Иран барлық әскери операцияларын аяқтаған соң, шамамен алты сағаттан кейін, 12 сағаттық толық атысты тоқтату режимі күшіне енеді. Осыдан кейін соғыс аяқталған деп есептеледі», – деді Трамп.
Оның айтуынша, ресми түрде алдымен Иран атысты тоқтатады, ал 12 сағаттан кейін оған Израиль қосылады. 24 сағат өткен соң, 12 күнге созылған соғыстың ресми аяқталғаны жарияланады.
«Бұл соғыс жылдарға созылып, Таяу Шығысты күйретуі мүмкін еді. Бірақ олай болмады және болмайды да», – деп жазды АҚШ президенті.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

11.08.2025
18:04
"Енді дұрыс әке болуым керек". Мейрамбек Беспае...

11.08.2025
17:44
19 жастағы мүгедек жігітті 15 жерден пышақтап ө...

11.08.2025
17:06
Құлаған тікұшақтың құрбаны майор Бахтияр Ержігі...

11.08.2025
16:56
Түркістан облысында ер адам 17 жастағы қызды бі...

11.08.2025
16:42
Тоқаев халықаралық олимпиада жеңімпаздарын мара...

11.08.2025
16:05
"Шыңғысхан біздің бабамыз емес": Белгілі жиһанк...