русский язык
Единоборства

Елдос Сметов алдағы Grand Slam турниріне қатыспайтын болды

Елдос Сметов алдағы Grand Slam турниріне қатыспайтын болды
news-banner7
mobile-news-top

22-24 наурыз күндері Грузия астанасы Тбилисиде дзюдодан кезекті әлемдік Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан татами шеберлері анықталды.

Алайда, бұл додаға қатысатын балуандардың тізімінде Ташкенттегі бәсекеде жарыстан шеттетіліп, жүлдесіз қалған Елдос Сметовтің есімі жоқ. Демек ол Тбилисиде өтетін кезекті Grand Slam турниріне қатыспайды.

Тбилисиде өтетін кезекті Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстанның ерлер құрамасы:

60 келі: Нұрқанат Серікбаев, Дәурен Сүйеукенов

66 келі: Есет Қуанов, Сұңғат Жұбатқан

73 келі: Асқар Нарқұлов, Бақытжан Әбдурахманов

81 келі: Мәди Амангелді

100 келі: Ислам Бозбаев

+100 келі: Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай

Айта кетсек, бұл сын жыл басынан бері Қазақстан ерлер құрамасы қатысқалы отырған бесінші жарыс. Өкінішке қарай дзюдошылар бұған дейінгі барлық жарыстан тек жалғыз қола медальға қол жеткізді. Ол жүлдені Париж турнирінде -100 келіде күрескен Шархан Нұрлыхан иеленген болатын.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;