русский язык
Единоборства

Қазақстан дзюдодан Азия чемпионатына қатысатын құрамын жариялады

Қазақстан дзюдодан Азия чемпионатына қатысатын құрамын жариялады
news-banner7
mobile-news-top

Дзюдодан 20-22 сәуір аралығында Гонконгта өтетін XXXII Азия чемпионатында ел намысын 18 спортшы қорғайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Бұған дейін 2022 жылы Азия чемпионаты елорда төрінде ұйымдастырылып, жерлестеріміз 1 алтын, 2 күміс, 6 қола еншілеген еді.

Сол сәтте 73 келіде Данияр Шамшаев қарсылас шақ келтірмеген болатын.

Ерлер:
60 келі. Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев.
66 келі. Ғұсман Қырғызбаев, Жанарыс Рахметқали
73 келі. Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов.
81 келі. Абылайхан Жұбаназар.
100 келі. Нұрлыхан Шархан.
+ 100 келі. Ерасыл Қажыбаев.

Әйелдер:
48 келі. Абиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева.
57 келі. Бахыт Құсақбаева.
63 келі. Эсмигуль Куюлова.
70 келі. Екатерина Токарева.
78 келі. Маргарита Гриценко, Аруна Жангельдина.
+ 78 келі. Кәмила Берліқаш, Ақерке Рамазанова.

Азия чемпионатында 1-орынға — 700 ұпай, күміс жүлдегерге — 490 ұпай, қола жүлдегерге — 350 ұпай беріледі.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 1993 жылдан бері Азия чемпионатына қатысып, 14 алтын, 24 күміс, 77 қола жеңіп алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;