русский язык
Теннис

Елена Рыбакина жаңа әлемдік рейтингтегі орнын сақтады

Елена Рыбакина жаңа әлемдік рейтингтегі орнын сақтады
news-banner7
mobile-news-top

WTA 2024 сәуір айына жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Елена Рыбакина бір ай бұрынғыдай төртінші сатыда тұр. Оның еншісінде 5848 ұпай бар. Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева (1213 ұпай) екі сатыға жоғары көтеріліп, 50-орынға жайғасты.

Қалған отандық теннисшілер ТОП-400 тізімінен тыс қалды. Жібек Құламбаева э 483-орын, Аружан Сағандықова - 804.

Әлемнің бірінші ракеткасы әлі де Ига Швентек (Польша, 10 835 ұпай). Келесі Арина Соболенко (8045), ал америкалық Коко Гауфф (7205) үздіктер үштігін түйіндеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;