русский язык
Теннис

Бейбіт Жұқаев Мексикадағы жарысты жеңіспен бастады

Бейбіт Жұқаев Мексикадағы жарысты жеңіспен бастады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық, әлемнің 192-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Моролес (Мексика) челленджер жарысын жеңіспен бастады.

Турнирдің 8-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 359-орында тұрған Зимбабве өкілі Бенджамин Локпен кортқа шықты.

Осыған дейін 3 сәуір күні Бейбіт Мехико додасында Локты 4:6, 6:3, 6:4 есебімен ұтқан еді.

Бұл жолы тартысты өрбіген бірінші партияда Жұқаев тай-брейкте сәтті ойнады – 7:6 (8:6).

Екінші сетте қазақстандық теннисші 3:0 есебімен алға кетті. Ақыры тағы бір брейкке қол жеткізіп, матчты жеңіспен түйіндеді – 6:2.

Бір сағат 39 минутқа созылған матчта Бейбіт 11 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың екеуін мүлт жіберген жоқ. Лок 8 эйспен ғана шектелді.

Бейбіт Жұқаев ширек финалға шығу үшін әлемнің 430-ракеткасы, америкалық Кристиан Лангмо немесе рейтингіде 1083-сатыдағы мексикалық Алекс Эрнандестің қай жеңгенімен таласады.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;