русский язык
Басқа

Дмитрий Карпов: Жас буын ересектерге жақсы бәсекелес болатын деңгейге жетті

Дмитрий Карпов: Жас буын ересектерге жақсы бәсекелес болатын деңгейге жетті
news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасы 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатынан сегіз медаль жеңіп алды. Бас бапкер Дмитрий Карпов жас атлеттердің аяқ алысына баға берді, деп жазады Olympic.kz.

«Жасөспірімдер командасы жалпы есепте жетінші орын алды. Біздің команда қоржынында бір алтын, төрт күміс, үш қола медаль бар.

Спортшыларымыз жақсы өнер көрсетті. Жалғыз алтын медальді жетісайыстан Алина Чистякова жеңіп алды. Ол былтыр ересектер құрамасына қабылданып, Тегеранда өткен Азия біріншілігінде бессайыстан қола медаль иеленген болатын.

Осы орайда, команданың негізгі құрамы жаңа спортшылармен толығатынын айтөым келеді. Өскелең ұрпақ жақсы нәтиже көрсетуде, олар өздерінен үлкен буынмен де бәсекеге түсе алады.

Қазіргі таңда Азиядағы жеңіл атлетика деңгейі өте жоғары. Жас спортшылардың өзі халықаралық турнирлерде нормативтен асып жатады. Спорт түрлері де қарқынды дамуда», - деді Карпов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;