Қазақстанның үздік теннисшісі әлемнің төртінші ракеткасымен кездеседі
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызӘлемдік рейтингте төртінші орында тұрған ресейлік теннисші Даниил Медведев Мадридте (Испания) өтіп жатқан «Мастерс» турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Үшінші айналымда ресейлік теннисші америкалық Себастьян Кордоны үш сетте 5:7, 7:6 (7:4), 6:3 есебімен жеңді.
Матч 2 сағат 25 минутқа созылды.
Келесі айналымда Медведев 1/16 финалда Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бубликпен (АТР бойынша 18-орын) кездеседі.