русский язык
Басқа

Боксшылар «Елорда кубогы» турниріне қызу дайындалуда

news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Қазақстан құрамасы мамыр айында Астанада өтетін "Елорда кубогі" қарсаңында БАҚ өкілдеріне арнап ашық жаттығу жиынын өткізді. Жиынға ұлттық құраманың бірінші нөмірлі спортшылары түгел қатысып, Олимпиадаға дайындық барысының қалай өтіп жатқанын баяндады. Сондай-ақ, алдағы турнирдің маңызы туралы ойларын бөлісті, деп хабарлайды Olympic.kz.

"Елорда кубогі" 13-18 мамыр күндері Астанада өтетін дәстүрлі турнир. Өз елімізде өтетін жарысқа ұлттық құраманың бірінші, екінші және үшінші нөмірлі спортшылары қатысады.

Атап айтар болсақ, Олимпиада жолдамасының иегерлері Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (81 келі), Айбек Оралбай (92 келі), Қамшыбек Қоңқабаевтар (+92 келі) Астана төрінде тағы бір күш сынап көрмек.

Команда капитаны Асланбек Шымбергенов ұлттық құрама сапында қарқынды дайындалуда. Италияда Олимпиада жолдамасын иеленген ол Париж қарсаңына мұндай турнирлердің ауадай қажеттігін айтады.

"Жаттығу жоғары деңгейде өтіп жатыр. Олимпиада алдында осындай жарыстар керек бізге. Жекпе-жекті сезінуіміз қажет. Өзім туралы айтар болсам, дайындығым жаман емес. Бапкерлеріміз де бағыт көрсетуде. Италиядағы лицензиялық турнирден соң қалпыма келдім. Желтоқсан айында өткен турнирде нокаут алған едім. Содан сабақ алып, қазір қорғанысты күшейтудеміз. Естеріңізде болса, іріктеу додасына Геннадий Головкин арнайы келіп, қолдау көрсеткен еді. Оның ақыл-кеңестері де жадымда тұр. Головкиннің берген кеңесі мен үшін алтыннан да бағалы. Қазіргі бар ойымыз - Астанадағы жарыста сәтті өнер көрсетіп, Олимпиада ел намысын абыроймен қорғау", - дейді Шымбергенов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;