Футзалдан Қазақстан чемпионатының екінші финалисі анықталды

«Семей» футзалдан Қазақстан чемпионатының жартылай финалдық серияның бесінші матчында «Аятты» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч 4:0 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, жеңімпаздар қатарында Кайо Торрес, Тейшейра, Дедезиньо және Ришат Котляров голдың авторы атанды.
Осылайша «Семей» 3:2 есебімен жартылай финалдық серияда жеңіске жетті.
Финалда семейлік клуб «Қайрат» АФК-мен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или