Франция құрамасы топ-матчта жеңіп, ширек финалға шықты

Франция құрамасы топ-матчта жеңіп, ширек финалға шықты

Франция құрамасы Еуропа чемпионатының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финалда француздардың қарсыласы Бельгия құрамасы болған. Жүлделі орындарға үміткер командалардың матчында бір гол соғылды. 85-минутта Рандаль Коло-Муани тепкен доп Ян Вертонгенге тиіп, қақпаға еніп кетті.

Осылайша, Франция құрамасы ЕУРО-2024 келесі кезеңіне шықты. Ондағы қарсыласы Португалия - Словения матчының жеңімпазы болады.

Бұған дейін ширек финалға Германия, Испания, Англия және Швейцария құрамалары өткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или