Испания – Қазақстан. Сәтсіздіктер сериясын бұза аламыз ба?

Футзалдан Өзбекстандағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Испанияға қарсы алғашқы ойынын өткізеді.
Испания — Қазақстан матчы Астана уақытымен 18:00-де басталады. Ойынды «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. D тобында Қазақстан құрамасы Испания, Ливия және Жаңа Зеландия құрамаларымен ойнайды.
Каканың шәкірттері мундиальға жақсы бабында келді. Бес бақылау ойынының төртеуінде жеңіп, біреуінде тең түсті. Ал Испания жеті ойыннан бері жеңілмпей келеді. Бақылау ойындарында Нидерланд пен Тәжікстанды жеңді.
Бұған дейін Испания мен Қазақстан бес ресми ойында кездескен. Оның бәрінде испаниялықтар жеңіске жетіп отырды.
бұл матчта 1.40 ұтыс коэффициентімен Испания фаворит саналады. Қазақстанның жеңісіне 5.40 коэффицентпен, ал матч тең аяқталатынына – 5.60 бәс тігуге болады.
Сонадй-ақ, Tennisi.kz Қазақстан «екі таймның біреуінде жеңеді» дегенге – 2.44 коэффициент ұсынып отыр.