ЦАХАЛ Ливаннан Израильге қарай жүз зымыран ұшырылғанын хабарлады

Бұл 2023 жылдың 7 қазанындағы шабуылдардан кейінгі «ең үлкен атыстардың бірі» деп аталды

Нұрдәулет Кәкіш
12/03/2024 - 18:19

Фото: timesofisrael.com

Фото: timesofisrael.com

Ливаннан Израильдің Солтүстік территорияларына қарай жалпы саны жүзге жуық екі зымыран толқыны ұшырылды. Бұл туралы Израиль қорғаныс Армиясы мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі The Times of Israel басылымына сілтеме жасап.

12 наурыз күні таңертең Ливанда орналасқан Хезболла Израильге қарай 70-ке жуық зымыран ұшырды, деп хабарлады әскерилер. Олар бұл атысты 2023 жылдың 7 қазанындағы шабуылдардан кейінгі ең үлкен атыстардың бірі деп атады.

Кейінірек Израильге қарай тағы 30-ға жуық зымыран ұшырылды. Олардың барлығы ашық жерге түскен. Шабуыл кезінде жергілікті елдімекендерде әуе дабылы естілмеген.

Екі шабуылдан кейін зардап шеккендер туралы хабарламалар болған жоқ.

Ливанның Баалбек қаласындағы «Хезболла» нысандарында Израильдің соққыларынан кейін атыс болды.

×

Редакция

$ 447.25  485.18  4.96