NYT: АҚШ мобилизацияға қатысты Украинаға қысым жасады

Газеттің хабарлауынша, америкалық шенеуніктер Украина үкіметінен соғысқа шақыру мәселесін шешуді талап еткен

Аян Кайырбаев
28/04/2024 - 15:20

dw.com

dw.com

АҚШ мобилизация туралы жаңа заң жобасына байланысты Украина билігіне қысым жасады. Бұл туралы америкалық The New York Times газеті өз дереккөздеиіне сілтеме жасап хабарлады.

Журналистердің пікірінше, америкалық шенеуніктер Украинаға әскери көмек көрсетуді мақұлдағанымен, олар Киевтен жобаға қатысты мәселелерді шешуді талап еткен.

NYT ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Джеймс О'Брайен Украина астанасына сапары кезінде елдің жұмылдыру әрекеттері майданды тұрақтандыру және соғыстың қарқынын өзгерту үшін артиллериядан кем емес маңызды екенін атап өтті.

Украина майдан даласында күресу үшін қажетті адамдары бар екеніне сенімді болуы керек, – деді ол.

11 сәуірде Украинаның Жоғарғы Радасы мобилизацияны күшейту туралы заң қабылдады. 5 күннен кейін оған ел президенті Владимир Зеленский қол қойды.

Жаңа заңға сәйкес, Украинада әскери қызметке жататын барлық адамдар 60 күн ішінде аумақтық әскерге шақыру орталықтарында мәліметтерін жаңартуы керек. Әйтпесе, айыппұл салынып, жүргізуші куәлігінен айырылады.

18 бен 60 жас аралығындағы барлық ер адамдар әскери билетті алып жүруге міндетті болады және бұл бұйрықты орындамау адамды қамауға негіз болады.

×

Редакция

$ 441.79  478.77  4.9