Астанада өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің құрметіне мурал салынады

Мекенжайы белгіленді

Sarbaz.kz редакторы
14/09/2023 - 17:23

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мен Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты бірлесіп, елордадағы тұрғын үй өрті кезінде адамдарды құтқарған Асқар Забикулиннің құрметіне мурал салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Муралды Астанадағы Тілендиев даңғылы, 16 мекенжайындағы қасбетке салу туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта бұл мәселе тұрғын үй тұрғындарымен келісу сатысында.

Айта кетейік, былтыр 16 қарашада Асқар Забикулин Астанадағы "Қаһармен" тұрғын үй кешенінде бірнеше адамды өрттен аман алып шықты. Ол 12-қабатта орналасқан терезеден құтқару арқаны арқылы 11 қабатқа түсіп, жанып жатқан пәтердің терезесінен түскен.

Сол уақытта пәтерде адамдар болған. Барлығы аман құтқарылды. Оның бірі – 10 жастағы бала. Адам өміріне араша болған құтқарушының денесінің 80%-ін күйік шалды. Ол 1-ші көп бейінді қалалық ауруханаға жеткізілді. Асқар Забикулин төрт күннен кейін 20 қарашада аурухана төсегінде көз жұмды.

Тегтер

×

Редакция

$ 448.12  481.1  5.05