×

Эвакуацияланған түлектер емтиханды Семейде тапсырады - Ғани Бейсембаев

Оның айтуынша, эвакуацияланған тұрғындардың арасында 64 бала бар

Эвакуацияланған түлектер емтиханды Семейде тапсырады - Ғани Бейсембаев
Информбюро

Абай облысында эвакуацияланған 9, 11 сынып оқушылары қорытынды емтихандарын Семей қаласында тапсырады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz

Министр Абай облысында алапат өрттен қаза болған орманшылардың отбасына қайғырып көңіл айтты.

Оның айтуынша, өңірде қауіпсіз аймаққа эвакуацияланған тұрғындардың арасында 64 бала бар. Олар отбасыларымен бірге Семейдегі екі колледж ғимаратына орналастырылған.

"Эвакуацияланған 9, 11 сынып түлектерінің қорытынды емтиханды кедергісіз тапсыруы үшін барлық жағдай жасалып жатыр — мектеп бітіру емтихандары Семей қаласында ұйымдастырылады", –  деп жазды Бейсембаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ апат салдарынан асыраушысынан айырылған отбасылардың балалары жаңа оқу жылында білім алуын еш кедергісіз жалғастыруы үшін мектеп формасымен, қажетті оқу құралдарымен және ыстық тамақпен қамтылады, деп сендірді ведомство басшысы.

"Балалардың құқықтарын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету министрліктің үнемі бақылауында", –  деді министр.

Бұдан бөлек, Балалар құқығын қорғау комитеті төрағасына асыраушысынан айырылған отбасылармен жеке кездесіп, балалардың психологиялық кеңес алуына, жазғы сауықтыру лагерлерінде демалуына барлық жағдайды ұйымдастыру тапсырылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Мұнда алтын медаль 3 ұпаймен, күміс медаль 2 және қола медаль 1 ұпаймен бағаланған
Шәкірттер пәтер кілтін 25 мамырда соңғы қоңырауда табыстады
Алматы қаласы Әуезов ауданы №202 мектеп-гимназияның мектеп бітіруші түлектері шетелдің жетекші университеттерінің грант иегерлері атанды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →