×

Күтпеген жағдай: Анталия қар астында қалды

Қардың қалыңдығы 30 см-ге жеткен

Күтпеген жағдай: Анталия қар астында қалды
Сурет: Trthaber.com

Түркияның Анталия провинциясында қар жауды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Trthaber агенттігіне сілтеме жасап.

Анталия мен Кония арасындағы Алашабел асуында қардың қалыңдығы 30 см-ге жетті.

Аксеки-Сейдишехир жолында орналасқан Аладжабел асуын қалың қар басып қалған. Түнде ауа температурасы нөлден төмен түсіп, толассыз қар жаууы күшейе түскен. Салдарынан жолдар жабылып, коммуналдық қызметтер үздіксіз жұмыс істеуге көшкен.

Күтпеген ауа райының салдарынан көптеген көлік жүргізушілері жолда қалып қойды. Құтқарушылар қарға батып қалған көліктерді шығаруға көмектесті.

Арнайы қызметтер жолды бірнеше сағат бойы қардан тазалап, мұз қатқан жерлерге тұз септі.

Ғалымдар мұндай құбылысты ғаламдық жылынудың әсерімен байланыстырады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда Құрбан айт кезінде құрбандық шалатын орындар анықталды
06.06.2025ж. 06:34

Алматыда Құрбан айт кезінде құрбандық шалатын орындар анықталды

Намаздан кейін бірден құрбандық шалу рәсімі басталады
Мемлекеттік рәміздердің қабылдану тарихы мен оған қатысты қандай заңдар бар?!

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →