×

Шымкенттік 35 отбасы баспаналы болды

Қала әкімі тұрғындарды қуанышты оқиғамен құттықтады

Шымкенттік 35 отбасы баспаналы болды
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қала әкімінің тапсырмасымен өткен жылы Көксай шағын ауданын жаңғырту тұжырымдамасын жүзеге асыру басталған. Іске қосылғалы 22 отбасыға тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік берілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тұжырымдаманың негізгі кезеңдерінің бірі – тұрғындарды тозығы жеткен үйлерден бөлме саны бірдей, әрленген жаңа қонысқа көшіру болыптабылады.

Бүгін Наурыз мерекесі қарсаңында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Нұрлыбаев көшесі, 4, 9, 14 үйлерінде тұратын тағы 35 отбасына жаңа пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады. Тұрғындарды қуанышты оқиғамен құттықтап, заманауи жайлы баспанаға көшу азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.

Қаланың осынау тарихи бөлігін заманауи және абаттандырылған шағын ауданға айналдыруға бағытталған тұжырымдама жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып қанақоймай, мегаполистің келбетін жақсартуға мүмкіндік береді.

Жақын арада осы ауданда тұратын тағы 159 отбасын көшіру жоспарлануда.

Жобада көпқабатты тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандарды, саябақтар мен скверлерді, аудан әкімдігінің ғимаратын, спорт кешенін кезең-кезеңімен салу жоспарланған. 

Сондай-ақ жұмыс істеп тұрған мектептікеңейту және көпфункционалды сауда-логистикалық орталығын құру көзделген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шығыс Қазақстанда екі әуежайдың құрылысы басталды
Кеше, 20:25

Шығыс Қазақстанда екі әуежайдың құрылысы басталды

Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама дайындалды
Биыл Ораза айттың бірінші күні 30 наурызға тура келеді
Семинар бір ай көлемінде аптасына бір реттен өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →