×

Енді дәрігерге бару үшін терапевтке жазылудың қажеті болмайды

Министр жалпы тәжірибелік дәрігердің тәжірибесі мен біліміне арқа сүйеу керек екенін айтты.

Енді дәрігерге бару үшін терапевтке жазылудың қажеті болмайды
Фото: parlam.kz

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова дәрігерге бару үшін терапевтке жазылудың қажеті болмайтынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Енді кәсіби дәрігерге көріну үшін терапевтке жазылудың қажеті жоқ. Тек кәсіби дәрігерлерге тікелей бара аласыз. Дегенмен бұл мәселе әлі де қарастырылу үстінде. Біз 1 наурыздан бастап бұл мәселені қолға алдық. Бірақ тиісті бұйрықтарға өзгерістер енгізіліп жатыр. Медициналық сақтандыру қорымен қаржыландыру мәселесін пысықтап, айыппұл салмауды да талқылап, ішкі жұмыстарды үйлестіріліп жатырмыз. Хат негізінде жібердік, бірақ бұйрық енді шығады», - деді министр.

Оның айтуынша, өзгерген стандарттарға сәйкес енді негізгі 8 қызмет бойынша дәрігердің жазылуынсыз көмек алуға болады. Сондай-ақ министр жалпы тәжірибелік дәрігердің тәжірибесі мен біліміне арқа сүйеу керек екенін айтты.

«Жалпы тәжірибелік дәрігердің білімін жетілдіру мәселесін, қызмет көрсету аясын кеңейту мәселесін де қарастырып жатырмыз», - деді Ақмарал Әлназарова.

Министр жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған талдаулар тізбесі қысқарып, олардың қолдану мерзімін ұзарту мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркиялық профессор түркістандық дәрігерлермен тәжірибе алмасты
Бүгін, 16:00

Түркиялық профессор түркістандық дәрігерлермен тәжірибе алмасты

Бүгінде Түлкібас аудандық орталық ауруханасы 94 мың халыққа қызмет көрсетуде
Шеберлік сағаты барысында бірнеше ота түрлері жасалды
«Elorda eco system» ұйымы жерүсті ағын суын бұруды қамтамасыз ету мақсатында тиісті іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →