×

Бишімбаев Салтанат Нүкенованы қасақана өлтірмек болған – прокурор

Оның айтуынша, Бишімбаев Нүкенованың жан тапсырғанша, азаптауын тоқтатпаған

Бишімбаев Салтанат Нүкенованы қасақана өлтірмек болған – прокурор
Фото: Астана сотының баспасөз қызметі

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы Ұлттық экономинка министрі Қуандық Бишімбаевтың соты өтіп жатыр. Мемлекеттік айыптаушы күдікті әйелі Салтанат Нүкенованы қасақана өлтіруге жоспар құрғаны анықталғанын жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мейрамхананың холында ол жұдырығымен әйелдің өмірлік маңызды органы басына бірнеше соққы жұмсаған. Осыдан кейін қатты ауырсынуды сезінген Нүкенова еденге құлайды. Ал Бишімбаев аяғына күзгі етігін киіп Нүкенованың денесі мен бөксесінен ұрғылай бастаған. Кейін еденнен тұрғызып, шашынан сүйреп, қатігездік танытады. Тағы да басынан ұрады. Оның мейрамхананың , №1 VIP бөлмесіне айуандықпен сүйреп кіргізген. Нүкенова өз өмірі үшін қатты қорқып, VIP бөлменің дәретханасына тығылады. Бұл Бишімбаевты одан сайын ашуландырды, ол есікті алдымен қолымен, сосын астынан темір штативпен ұрып, ашуға тырысады. Сөйтіп, дәретханадан шығарып алып, қайтадан азаптап, яғни ерекше қатыгездікпен жұдырықпен және аяқпен тепкілей жөнеледі. Басы мен денесінен ауыр соққылар алған», - дейді прокурор.

Оның айтуынша, Бишімбаев Нүкенованың жан тапсырғанша, азаптауын тоқтатпаған.

Айта кетейік, бүгін елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу өтті. Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы (Азаптау), 99-бабының 5-тармағының 2-бөлігі (Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру), 14-бабының 2-бөлігі (Аса ауыр қылмыстың қайталануы) бойынша айып тағылып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркиялық профессор түркістандық дәрігерлермен тәжірибе алмасты
Кеше, 16:00

Түркиялық профессор түркістандық дәрігерлермен тәжірибе алмасты

Бүгінде Түлкібас аудандық орталық ауруханасы 94 мың халыққа қызмет көрсетуде
Шеберлік сағаты барысында бірнеше ота түрлері жасалды
«Elorda eco system» ұйымы жерүсті ағын суын бұруды қамтамасыз ету мақсатында тиісті іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →