×

Ақтөбеде су қоймасының жарылу қаупі бар – әкім

Қала әкімі тұрғындарға үндеу жасады

Ақтөбеде су қоймасының жарылу қаупі бар – әкім
Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, Хромтаудың аумағында орналасқан Мағажан су қоймасының жарылып кету қаупіне байланысты Ақтөбе су қоймасына үлкен көлемде су құйылады деген болжам бар.

«Ақтөбе су қоймасының толуына байланысты шлюзді ашуға мәжбүрміз. Бұл судың жағасынан асып кетуіне әкелуі мүмкін екенін ескертеміз. Кірпішті көпірі ауданындағы Елек өзені мен Қарғалы өзенінің маңында орналасқан бау-бақша ұжымдарының тұрғындарын эвакуациялауға және үйлерін тастап кетуге келісім берулерін сұраймын», – деді әкім.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақ тілін «мәдениетсіздіктің белгісі» деп атаған кәсіпкер Рамиль Мухоряпов Ауғанстан қазақтары туралы фильмге демеуші болды
Бүгін, 12:29

Қазақ тілін «мәдениетсіздіктің белгісі» деп атаған кәсіпкер Рамиль Мухоряпов Ауғанстан қазақтары туралы фильмге демеуші болды

Деректі фильмде Ауғанстандағы қазақтардың тұрмыс-тіршілігі мен өмір салтын көрсетеді
«Elorda eco system» ұйымы жерүсті ағын суын бұруды қамтамасыз ету мақсатында тиісті іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді
Құрбан айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесі
Онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдайды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →