$ 448.01  486.81  5.05

«Арабқа тұрмысқа шығып кетпеңдер!»: Құралай Нұрқаділованың анасына көпшілік сүйсінді (ВИДЕО)

Жерде қайықпен жүр, ұшақтар суда тұр. Қазақстаннан қашып, мына қыздың барған жерін қара!

Фотоколлаж: Skifnews.kz
Фотоколлаж: Skifnews.kz

Танымал дизайнер Құралай Нұрқаділова Дубайдан балаларымен қайта алмай қалып, бірнеше күннен кейін елге оралды. Құралайдың айтуынша, ол балаларымен Дубай қаласындағы табиғаттың тосын әрекетінен бірнеше күн бойы қайта алмаған. Сол кезде анасы қызы үшін алаңдап қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Рас па, өтірік пе? Қазақстанның суынан қашып, Дубайдың суына бардың. Аман-есенсіңдер ме?! Ауырған жоқсыңдар ма?! Енді шет елге шықсаңдар, мені алып кетіңдер, қорғап жүремін. Дубайды көріп, сендерді уайымдап отырдым. Жерде қайықпен жүр, ұшақтар суда тұр. Қазақстаннан қашып, мына қыздың барған жерін қара. Не тындырдыңдар? Арабқа, бір шейхтың ұлына тұрмысқа шығып кетпеңдер. Мені кім алады деме, теңіңді тапсаң болды емес пе?», – деп әзілдеді Құралайдың  анасы.

Желі қолданушылары қызы мен анасының әзіліне күліп, түрлі пікір жазып жатыр.

«Менің анам – өзінен күтімді аямайтын жандардың үлгісі. Қазақстандағы нөмері бірінші сәнқой әйел. Үнемі өзіне қарап жүреді. Косметолог мен маникюрге баруды анамнан үйрендім. Сол үшін ризамын. Қазір жасы 79-ға келді. Күн сайын 10 км жүреді. Біздің қолымызда отырғысы келмейді», – деді дизайнер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 3
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары