16.06.2025
Виктор Темиров Германияда өткен бокс кешінде жеңіске жетті

Фото: Getty Images
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Виктор Темиров Германияның Ганновер қаласында өткен бокс кешінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық боксшы (8-0, 6 КО) тәжірибелі польшалық Лукаш Барабашпен (4-17, 2 КО) кездесті. 6 раундқа жоспарланған жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды.
Бұл Темировтың 2025 жылдағы екінші жекпе-жегі. Сәуір айында ол Германияда тағы бір польшалық боксшы Адам Цеслякпен кездесіп, техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.
Айта кетейік, Виктор Темировтың лақап аты – "Қасапшы". Бірақ оны бокс жанкүйерлері жаңа Геннадий Головкин деп атайды. Себебі, Гена да кәсіпқой бокстағы мансабын Германиядан бастаған болатын.
