23.06.2025
Садриддин Ахмедовтың рингке қашан оралатыны белгілі болды

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 КО) тамыз айында шаршы алаңға қайта шығады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Boxrec.com сайтының хабарлауынша, Ахмедов келесі жекпе-жегін 15 тамызда өткізеді. Санта-Йнезде (АҚШ, Калифорния) бокс кешінде өнер көрсетеді. Қазақтың қарсыласы әзірге белгісіз, бірақ жекпе-жек форматы белгілі — бірінші орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа жоспарланған.
Еске салайық, Садриддин Ахмедов соңғы рет сәуір айында мексикалық боксшы Элиас Эспадаспен (23-7-1, 16 КО) жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте Ахмедов айқын фаворит саналды, бірақ соңында тең есеп тіркелді.
