18.03.2025

Назым Қызайбай басты арманын айтты

Назым Қызайбай басты арманын айтты

Фото:Olympic.kz

Бокстан 2025 жылғы әлем чемпионы Назым Қызайбай алға қойған мақсаты жөнінде айтып берді. 

- Қазақстан әйелдер құрамасында Олимпиадада чемпион атанған ешкім жоқ. Мақсатым - Олимпиада чемпионы атану. Оған әлі уақыт бар. Бұл менің басты мақсатым, - деді Назым. 

Назым Қызайбай бұған дейін әлем біріншілігінде бес мәрте бақ сынаған. Екі мәрте 2014, 2016 жылдарда чемпион атанса, 2012 жылы қола жүлдегер болды. 2024 жылы Париж Олимпиадасында қола медаль жеңіп алды. 

Сербияның Ниш қаласында өткен әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар 3 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль алды. 

Ел құрамасынан Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (50 келі) және Аида Әбікеева (63 келі) чемпион атанды.

Финалда қарсыластарына есе жіберген Виктория Графеева (60 келі) мен Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) күміс жүлдені қанағат тұтты.

Сондай-ақ ел құрамасынан Наталья Богданова (70 келі) қола жүлдегер болды.


 

Қазақстан клубы ресейлік шабуылшыны қатарға қосты

Футбол

Қазақстан клубы ресейлік шабуылшыны қатарға қосты

Bulgarian Open: Жүзушілеріміз халықаралық турнирде жүлде жеңіп алды

Басқа

Bulgarian Open: Жүзушілеріміз халықаралық турнирде жүлде жеңіп алды

Ел чемпионатының ойындарына кімдер қазылық жасайды?

Футбол

Ел чемпионатының ойындарына кімдер қазылық жасайды?

Қайрат Сағадиев: Жоспарды 80%-ға орындадық

Күрес

Қайрат Сағадиев: Жоспарды 80%-ға орындадық

Софья Самоделкина: Әлем чемпионаты ойымдағыдай болмады

Басқа 13 минут бұрын

Софья Самоделкина: Әлем чемпионаты ойымдағыдай болмады

Карло Анчелотти «Реал» клубында қала бере ме?

Футбол 36 минут бұрын

Карло Анчелотти «Реал» клубында қала бере ме?