19.03.2025
Назым Қызайбай: 2016 жылы Олимпиадаға бара алмадым

Бокстан Сербияда өткен әйелдер арасындағы жаһандық додада тарихи 3 дүркін чемпион атанған Назым Қызайбай «Спорт министрі» арнасына берген сұхбатында өз ойымен бөлісті.
- Әлем чемпионаттарында 48 келіде жұдырықтасып жүрсем де, бұрындары салмағым жетпей, 44 келіні ғана құрайтын. Ал Олимпиада бағдарламасында жүлде тек 51 келіде сарапқа салынатын. 2016 жылы бапкер менің салмағымның жетпейтіндігін айтқанда, бара алмайтыныма жылап едім. Кейін бәрібір Олимпиадаға баруға тырыстым. Бірақ өзімді 48 келіде мықтырақ, жайлы сезінемін. Барлық мүмкіндіктерімді пайдалана аламын.
Париж Олимпиадасынан кейін Алуа Балқыбекова 50 келіде қала беретіндігін айтты. Мен 48 келіге түсемін дедім. Барлығы әділетті болу үшін, Қазақстан чемпионатында 48 келіде өнер көрсетіп, топ жардым.
