22.03.2025
Даңқты боксшы Джордж Форман өмірден өтті

Фото: Global Look Press
Америкалық аңыз боксшы Джордж Форман 76 жасында көз жұмды.
Қайғылы хабарды Форманның отбасы әлеуметтік желіде жазды.
— Қайғыра отырып, Джордж Эдвард Форманның бұл фәниден өткені туралы хабарлаймыз. Ол 2025 жылы 21 наурызда жақындарының қасында, бейбіт түрде өмірден озды. Джордж өмір бойы сүйікті жар, мейірімді әке және немере-шөберелеріне мақтан тұтар ардақты ата болды. Жаны жәннатта болсын,— деді Форманның отбасы.
Джордж Форман — бокстан Олимпиада чемпионы (1968). Ауыр салмақта WBA, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы. Бокстағы ғұмырын 1997 жылы 76-5-0, 68 КО рекордымен аяқтады.
